ШЖҚ "Еңбекшіқазақ көп бейінді орталық аудандық ауруханасы" КМК

30.05.2022 жылы Еңбекшіқазақ көпсалалы ауданаралық ауруханасы ұжымында 2022 жылғы 05 маусымда өткізілетін Қазақстан Республикасының Конституциясына өзгерістер мен толықтырулар енгізу жөнінде республикалық референдум туралы түсіндірме жұмыстары жүргізілді.

Мақсаты — Конституциялық референдумның маңыздылығын түсіндіру.
Ақпараттар құрамында Қазақстан Республикасы Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2022 жылғы 5 маусымда республикалық референдум өткiзу туралы Жарлықтың мәтіні таныстырылды, сонымен қатар, Қазақстан Республикасы Конституциясының жобасы жарияланғаны туралы, енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар жөнінде, референдумның стратегиялық маңызы жайлы айтылды. Сонымен бірге, ел тарихындағы елеулі оқиға — Референдумға бейжай қарамай, белсенді қатысу — әрбір азаматтың басты борышы екендігіне баса назар аударылды.