ШЖҚ "Еңбекшіқазақ көп бейінді орталық аудандық ауруханасы" КМК

Бүгін біздің ұжым, Еңбекшіқазақ ауданаралық көпсалалы ауруханасының ұжымы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына жолдаған «ӘДІЛЕТТІ МЕМЛЕКЕТ. БІРТҰТАС ҰЛТ. БЕРЕКЕЛІ ҚОҒАМ» атты Жолдауын ерекше қабылдағанымызды атап өткіміз келеді.

Бүгін біздің ұжым, Еңбекшіқазақ ауданаралық көпсалалы ауруханасының ұжымы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына жолдаған «ӘДІЛЕТТІ МЕМЛЕКЕТ. БІРТҰТАС ҰЛТ. БЕРЕКЕЛІ ҚОҒАМ» атты Жолдауын ерекше қабылдағанымызды атап өткіміз келеді. Себебі биылғы Жолдауда ұлт денсаулығын қорғау саласы — медицина саласының дамуы мен қосымша қаржыландырылуы, мамандардың біліктілігін арттыру мен маңыздылығы, еліміздің барлық мекен-жайларында қосымша медициналық мекемелердің қажеттілігі, келесі жылдан бастап Ұлттық жоба енгізіліп, ауыл тұрғындарының сұранысын қанағаттандыруға қажетті шаралар жүргізілетіндігі айтылды. Мемлекет басшысы қолға алынар нақты шаралардың «бәрі ұлт денсаулығын сөз жүзінде емес, іс жүзінде жақсартуға септігін тигізеді» — деп өз ұстанымын білдірді. Осындай қолдау нәтижесінде біздің медицина саласы ары қарай белсенді дамитындығына сенеміз.