ШЖҚ "Еңбекшіқазақ көп бейінді орталық аудандық ауруханасы" КМК

Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданаралық көпсалалы ауруханасында ДДСҰ бастапқы медико-санитарлық көмектің Демонстрациялық Платформасына Қырғызстан делегациясының қатысуы туралы Баспасөз-анонсы Шараны ұйымдастырушылар: Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі, Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы, Алматы облысының әкімдігі, Алматы облысы Денсаулық сақтау басқармасы, Еңбекшіқазақ ауданаралық көпсалалы ауруханасы (ары қарай – ЕАКА).

Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданаралық көпсалалы ауруханасында

ДДСҰ бастапқы медико-санитарлық көмектің Демонстрациялық Платформасына Қырғызстан делегациясының қатысуы туралы

Баспасөз-анонсы

 

Шараны ұйымдастырушылар: Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі, Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы, Алматы облысының әкімдігі, Алматы облысы Денсаулық сақтау басқармасы, Еңбекшіқазақ ауданаралық көпсалалы ауруханасы (ары қарай – ЕАКА).

Қатысушылар:

  • Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің вице-министрі Вячеслав Юрьевич Дудник
  • Melitta Jakab, ДДСҰ БМСК жөніндегі Еуропалық орталығының басшысы
  • Марат Елеусізұлы Сұлтанғазиев, Алматы облысының әкімі
  • Улан Асанбекович Садыков, Қырғыз Республикасы Денсаулық сақтау министрінің орынбасары
  • Мақсатты аудитория: барлық қатысушылар

Еңбекшіқазақ ауданаралық көпсалалы ауруханасы бастапқы медико-санитарлық көмектің (ары қарай – БМСК) көшалды үздік тәжірибелік үлгісімен бөлісуді жалғастыруда. 2022 жылдың 4 және 7 қазаны аралығында БМСК Демонстрациялық Платформа базасында Қырғызстан делегациясының қатысуы жоспарланған.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының Алматы және Астана декларациясының ережелеріне сәйкес 2019 жылдан бастап Қазақстан  денсаулық сақтау жүйесіне әсер ететін түрлі механизмдердің қолдауы арқасында көпсалалы бригадаларға ауысумен бастапқы медико-санитарлық көмек (БМСК) бағытын түрлендіру бойынша үлгі болар шараларды атқарды, сондайй-ақ қаржыландыру мен сандық өзгерістер енгізілді, оның ішінде БМСК үздік тәжірибелі 17 орталығына (әр аймақ пен ірі қалалардан бір-бір орталықтан) ерекше назар аударылғанын атап өту керек.

Денсаулық сақтау министрлігі БМСК Ұлттық ассоциациясы мен аймақтық денсаулық сақтау органдарымен бірлесе отырып, көшбасшы тәжірибені жүргізуге таңдалған жүргізілер түрлендіру бастамасына қолдау көрсетті.

Халықаралық тәжірибе тұрғысынан қарастырғанда жалпы тәжірибелік дәрігерлер, медбикелер, әлеуметтік қызметкерлер мен психологтардан құралған БМСК көпсалалы бригадаларын кеңінен БМСК практикасында кең көлемді қызметін жедел түрде енгізуілуі болып табылады.

ЕАКА директоры Жәмилә Әбеуова: «Қазақстанда көшбастаған тәжірибе орталығының бірі болып табылатын ДДСҰ Демонстрациялық Платформасы ретінде Еңбекшіқазақ ауданаралық көпсалалы ауруханасына қарасты Үздік тәжірибелер орталығы ашылды. Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданы БМСК жүйесінің осындай түрлендірілуі  — ерекше үлгі болып танылады, себебі ауылды мекендерде көлемді ресурстардың жоқ болуына (ірі қалалық орталықтардан шалғай орналасуына қарай)  қарамастан, өзекті мәселелерді шешушге мүмкіндік береді.  Нақ осы тәжірибе керемет нәтижелерге қол жеткізуге болатындығын көрсетті: БМСК медбикелері мен әлеуметтік қызметкерлердің қабылдау саны 10 есе артқан, БМСК дәрігерлері саны үш еселенген, ал арнайы мамандардың қабылдау жүргізуі 25% азайған. Осындай трансформация денсаулық сақтау саласындағы көрсеткіщтердің жақсаруына жетелейді, мысалы медбикелер көрсететін көмек нәтижесінде аурулардың алдын алу бойынша қызмет көлемі артқан, әлеуметтік қызметкерлер мен психологтардың, денсаулықтың әлеуметтік детерминантациясына байланысты мәселелерді тиімді шешуге жол береді. Сонымен қатар,  БМСК жұмысының көрсеткіштері жақсарады, атап айтсақ, негізсіз стационарға жатқызу салмағы және жедел жәрдемнің негізсіз шақыртылуы төмендейді.

Мультидисциплинарлық байланысты қарастыру жұқпалы емес аурулармен ауыратын пациенттер мен БМСК мамандары арасындағы байланысты тұрақтандырып, белгілі топтағы пациенттердің өмірге төзімділігін арттырып, медициналық қызмет көрсетудің аса тұрақты жүйесін құруға мүмкіндік береді» — деп жоспарланған шараның маңыздылығын атап өтті.

Өткізілетін орыны: Еңбекшіқазақ ауданы, Есік қ., Абай к-сі, 366, Еңбекшіқазақ ауданаралық көпсалалы ауруханасы

Баспасөз қызметінің байланыс телефоны: 87074260000 (Виктория), 87013860455 (Ляйля)