ШЖҚ "Еңбекшіқазақ көп бейінді орталық аудандық ауруханасы" КМК

Салауатты өмір сүру -өз қолымызда, Біз Салауатты өмірді таңдаймыз ⛹️‍♂️🥇🏆

Салауатты өмір сүру -өз қолымызда, Біз Салауатты өмірді таңдаймыз ⛹️‍♂️🥇🏆
2022 жылдың 4 қарашасында Есік қаласы әкімдігі мен Еңбекшіқазақ көпсалалы ауданаралық ауруханасының қызметкерлері “Есік — Салауатты қала” және ҚСРО спорт шебері, Әлем марафонының чемпионы, Қазақстан Республикасының спорт қайраткері Алпыс Ермағанбетовтың жүлдесіне арналған 1946 м “Денсаулық шақырымы” атты жүгіруден жарыс өткізілді. Жарысқа қатысушыларды барынша қамту мақсатында әрі Салауатты өмір салтын кеңінен насихаттау үшін ауданымыздың тұрғындары белсене қатысты, атап айтар болсақ,
Еңбекшіқазақ ауданының мекемелері, жасөспірімдері, мектеп оқушылары, колледж студенттері және барлық ауылдық округтің спортшылары қатысты.
Жарыс барысында үздік деп танылған қатысушылар Мақтау қағаздарымен марапатталып, жүлделі орынға ие болған қатысушылар арнайы бағалы сыйлықтармен марапатталды. Осындай жеңістерге қол жеткізген марафон қатысушыларын құттықтаймыз. Салауатты өмір салтын сақтау — бәрімізге маңызды!