Инсульт (Lat.insultus «соққы, шабуыл») — ми қан айналым жүйесінің жедел зақымдануымен, жүйке жасушаларының бұзылуымен өліміне алып келеді. Инсульттің барлық белгілері кенеттен пайда болады және тез дамиды. Инсульт мүгедектікке немесе өлімге әкеледі.
Қазақстанда жыл сайын 50 000-нан астам инсульт болады. Жыл сайын 16 мыңнан астам қазақстандық инсульттан қаза табады. Қазақстанда инсульттан кейін мүмкіндігі шектеулі адамдар саны 200 мыңнан асады. Инсульт болған кезде негізгі қағида «тез әрекет ету» Уақыт өмір мен денсаулыққа қарсы соға бастайды! Инсульттің негізгі белгілері 📌FAST📌 сөзімен сипатталады.
⚠️ Face (бет) — адамнан күлімсіреуін сұраңыз. Инсульт кезінде ауыздың бір бұрышы төмен салбырайды.
⚠️ Arms (қолдар) — екі қолын көтеруді сұраңыз. Инсульт кезінде бір қол әлсіз болады немесе адам оны мүлдем басқара алмайды.
⚠️ Speech (сөйлеу) — инсульт кезінде сөйлеу қиындықтар болады, шатасқан, түсініксіз.
⚠️ Time (уақыт) — бұл белгілерді көрсеңіз, күтпей — жедел 103 нөміріне қоңырау шалыңыз және адамды жедел ауруханаға жеткізіңіз
Сау болыңыз! Өзіңізбен жақындарыңызға қамқор болыңыз! Еңбекшіқазақ көпсалалы орталық аудандық ауруханасының дәрігерлер ұжымы, Абай көшесі, Есік қаласы.