Әрқайсымызға көмек көрсетіледі, біздің ұстаным — қолжетімді медицина! Біздің пациенттерге көрсетілер көмек күн сайын дамып келеді. Жарақаттың ең ауыр формаларына операцияны Еңбекшіқазақ ауданаралық көпсалалы ауруханасының дәрігерлері жасайды. «Ауылдық денсаулық сақтау саласының модернизациясы» Ұлттық жобасын жүзеге асыру аясында және аудан тұрғындарының денсаулығын жақсарту мақсатында Еңбекшіқазақ АКА травматолог дәрігерлері жамбас сүйектерін қалпына келтіру үшін ауыр әрі ерекше операция жасады. Клиникалық жағдай С.Асфендияров атындағы Қазақ Ұлттық медициналық университетінің травматология, ортопедия және әскери хирургия кафедрасының меңгерушісі Қ.М.Тезекбаевтың қатысуымен консилиум өткізіліп, жасалатын операция барысы талданды. Пациент толық тексеруден өтіп, жасалатын операцияның қаншалықты ауыр әрі ерекше әдіспен жүргізілетіні ескертілді. Алдын ала операцияға дайындық шаралары жүргізіліп, Кохер-Лангенбек тәсілі бойынша жарақат салдарынан сынған және шытынаған әр сүйекті қалпына келтіру үшін, реконструктивті жатыр сүйегінің ChM қос пластинасы қолданылып, винттермен бекітілді. Қосымша жүргізілген бақылау рентгенограммасында сүйек-буын жарақаттары толық қалпына келгендігі анықталды. Операцияның күрделілігі мен көлемінің ауырлығына қарамастан, дәрігерлер алға қойған мақсатына қол жеткізді. Мұндай ауыр жарақат түрлері көбіне жол-көлік апаты не үлкен биіктерден құлау сияқты кездерде жиі орын алады, осындай ауыр жарақат алған науқастар дер кезінде операцияға алынып, көмек көрсетілмесе, мүгедек болып қалары айқын. Сондықтан, клиниканың жақсы жабдықталуы мен мамандар шеберлігі нәтижесінде Еңбекшіқазақ ауданының әрбір ауыр науқасына енді дер кезінде операция жасалып, үздік медициналық көмек қолжетімді екенін атап өту керек. Жоғары травматологиялық медициналық көмекті Еңбекшіқазақ ауданаралық көпсалалы ауруханасының кәсіби білікті мамандары жүргізе алатыны — жағымды жаңалықтың жаршысы және аудан жетістігінің мақтанышы!
Фотода:
Травматология бөлімшесінің меңгерушісі Даврешов А. А.;
м.ғ.к., ҚазҰМУ травматология және ортопедия кафедрасының меңгерушісі Тезекбаев К.М.;
ЕАКА директоры, м.ғ.к. Әбеуова Ж. С.; ЕАКА бас дәрігерінің орынбасары Сулейманова Д. К.;
ОАРИТ меңгерушісі, м.ғ.к. Сиезбаев М. М.