ҚАНТ ДИАБЕТІ‼️
КҮТПЕГЕН СИМПТОМДАРЫ!
● Шөлдеу
● Аштықты сезіну
● Зәрдің көп көлемде және жиі болуы
● Тері қышынуы (түсініксіз)
— бұл симптомдар қант диабеті бастамасының белгісін білдіруі мүмкін.
Қанда қант деңгейінің жоғары болуына байланысты организмде нерв тіндерін бұзатын токсикалық заттар пайда болады.
Осындай жағдайды дәрігерлер «диабеттік нейропатия» деп атайды.
Емдеу жүргізілмеген жағдайда асқыну түрлері болуы мүмкін:
● Трофикалық жаралар
● Гангрена
● Табан сүйегінің ампутациясы
● Құлау, сүйек сынуы
Диабетикалық нейропатия симптомдары:
● «инедей қадалу»
● «дене тітіркенуі»
● «тоқ соққандай болуы»
● «табан қызуы»
● сезімталдық төмендеп, ылғи аяқ тоңып жүреді.
Аталған симптомдар байқалған кезде қант диабеті болуын анықтау үшін тексеруден өту қажет.
Алдын алу шаралары:
-Дұрыс тағамдану
-Қандағы глюкоза деңгейін айсайын бақылау
-Дене салмағын қалыпқа келтіру.
-Стресстерді болдырмауға тырысу және ұйқыны қандыру
-Денешынықтырумен айналысу (30 минуттан кем емес, аптасына кем дегенде 5 күн)
-Шылымнан бас тарту
Өмір қалпын өзгерту, салауатты өмір салты әдетін қалыптастыру — қант диабетінің дамуына жол бермейді.