Еңбекшіқазақ ауданында міндетті медициналық сақтандыру мәселелері бойынша халықпен кездесу өтеді
Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының Алматы облысы бойынша филиалының мамандары облыс аудандарында міндетті медициналық сақтандыру мәселелері бойынша кеңес беруді жалғастыруда. Халықпен келесі кездесулер ағымдағы жылдың 13 сәуірінде өтеді.
Есік қаласы, Жамбыл даңғылы 21, сағат 11.00, Еңбекшіқазақ ауданы әкімдігінің ғимаратындағы акт залы; Қатысушылар: Еңбекшіқазақ ауданы әкімінің орынбасары Қ.Қ.Ақчабаев, «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ Алматы облысы бойынша филиалының директоры Пазилов С.Б., облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысының міндетін атқарушы Серікбаева Л.П., Еңбекшіқазақ аудандық ауруханасының директор орынбасары Г. Отынбекова.