Тәжікстан делегациясы Қазақстанның бастапқы медико-санитарлық көмек саласына инвестиция салудағы табысты тәжірибесімен танысуда
Тәжікстан делегациясы, сондай-ақ вице-министрлер Шодихан Жамшед пен Сарвар Курбониен лауазымды делегация өкілдері БМСК бойынша ДДҰ демонстрациялық платформасының жұмысымен танысты. Осы ел өкілдері өткен жылдың қарашасында келіп танысқан, ал биылғы сапарында делегация өкілдері сапарында БМСК мультидисциплинарлық моделін енгізу саласындағы атқарылып жатқан Қазақстанның нәтижелі тәжірибесіменн барынша танысуға келіп отыр. Бұл жолы денсаулық сақтау және әлеуметтік қорғау министрлігінің өкілдері, қаржы министрлігі, дәрігерер, БМСК және отбасылық медицина орталықтарының басшылары, сондай-ақ денсаулық сақтау және әлеуметтік даму мамандары Қазақстанның БМСК әлеуметтік қызметті интеграциялаудағы тәжірибесін, сондай-ақ БМСК қаржыландырудың жаңа тетіктерін зерделейтін болады.
Сапар Қазақстан мен Тәжікстандағы БМСК дамуының негізгі бағыттары талқыланған дөңгелек үстелден басталды.
Дөңгелек үстелге Қазақстанның Денсаулық сақтау министрлігі, Тәжікстан Денсаулық сақтау және қаржы министрлігі, әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры, Алматы және Алматы облысының денсаулық сақтау басқармасы, Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданының өкілдері және ДДҰ БМСК жөніндегі Еуропалық офисінің командасы қатысты.