ШЖҚ "Еңбекшіқазақ көп бейінді орталық аудандық ауруханасы" КМК

Халықаралық балалар күні – ең көне халықаралық мерекелердің бірі. Оны өткізу туралы шешім 1925 жылы Женевада өткен балалардың әл-ауқатына арналған Дүниежүзілік конференцияда қабылданды.

Халықаралық балалар күні – ең көне халықаралық мерекелердің бірі. Оны өткізу туралы шешім 1925 жылы Женевада өткен балалардың әл-ауқатына арналған Дүниежүзілік конференцияда қабылданды.
Халықаралық балалар күні – балалардың әл-ауқатын жақсартуға бағытталған дүниежүзілік мереке. Бұл мереке барлық балалар әлемі нәзік екенін, оған қолдау мен қорғаныс қажет екенін еске салуға арналған.
Балалар денсаулығы елімізде салауатты халықты қалыптастырудың іргелі негізін құрайды. Денсаулық сақтауды дамытудың мемлекеттік бағдарламасын іске асыру балалардың өмірі мен денсаулығын сақтаудың елеулі нәтижелеріне әкелді. Қазақстанда құрсақта ұрықтың дамуынан бастап, баланың денсаулығын қорғаудың бірыңғай стратегиясы енгізіліп, медициналық-санитарлық алғашқы көмектің әлеуметтік бағдарланған моделі іске асырылды, профилактикалық медицина белсенді дамуда.
Еңбекшіқазақ көп бейінді орталық аудандық ауруханада, Байдибек би реабилитациялық орталығында балаларды қорғау күніне арналаған іс-шаралар өткізілді, яғни челлендж, флешмоб, акция, ойын- сауық бағдарламалары. Балаларға сыйлық таратып, қуанышқа бөлендік.
Біздің әр сәби Халықаралық балалар күні қарсаңында сыйлықсыз, құттықтаусыз қалмауы керек.
Жане де осы ұстанымды ұстанған біздің отбасылық көпбейінді командамыз ерекше назар аударуды талап ететін сәбилерді үйіне барып құттықтап, мереке құрметіне сыйлықтарын сыйлады. Ел болашағы сәбилерімізге қамқор көрсету, көңілін көтеру арқылы біз әр сәбиге бақытты балалық шақтың бір керемет сәтін тарту етеміз.