Құрметті ата-аналар!
Еңбекшіқазақ көпсалалы аудандық орталық ауруханасы Сіздің назарыңызға келесі маңызды ақпаратты ұсынады:
Баланың қауіпсіздігі ересектердің сақтылық танытуы мен жауапкершілігіне тікелей байланысты. Баланың терезеден құлап кетуіне байланысты апатты болдырмау үшін Сіз келесі ережелерді ұстаныңыз:
• Ересектердің сүйемелдеуінсіз балаңызға балконға шығуға рұқсат бермеңіз.
• Балаңызға терезенің қалай ашылатынын көрсетпеңіз. Ол терезені өз бетінше ашуды неғұрлым кеш үйренсе, оның пәтерде болуы соғұрлым қауіпсіз болады. Пәтердегі терезелерді ашып, бөлмені желдету кезінде балаңыздың бақылауда болуына көз жеткізіңіз.
• Егер сіз желдету үшін терезені ашсаңыз, онда тек фрамугалар мен терезелер және 10 см аспайтын болсын, осы мақсат үшін шектеулер қойыңыз.
• Ұйықтап жатқан баланы пәтерде жалғыз қалдырмаңыз, бала оянып, ашық терезеге бару қаупін ойлаңыз.
• Баланың оңай жақындауына жол бермеу үшін барлық жиһаздарды, соның ішінде кереуеттерді терезеге жақын қоймаңыз.
• Балаңызға терезеден немесе балконнан көшеге асылып қарау үшін орындықты немесе басқа құрылғыны аяғының астына қоюға үйретпеңіз.
• Кейіннен, осылай әрекет ете отырып, ол тым көп асыла қарап, терезеден (балконнан) құлап кетуі мүмкін.
• Москидтік торлардың қаупін ескеріңіз: бала торға сенім артып бар салмағымен сүйеніп, соның салдарынан тормен бірге құлап кетуі мүмкін, ондай торлар тіпті ең кішкентай бір жасар баланың салмағына да есептелмеген.
• 7 жасқа толмаған баланы аз уақытқа болсын жалғыз қалдырмаңыз: қорқыныш сезініп, бала терезеден немесе балконнан қарап, ата-анасын көруге үміттенеді, бұл оның терезеден немесе балконнан құлап кетуіне себеп болуы мүмкін.
Құрметті ата-аналар! Тек Сіздің сүйіспеншілігіңіз бен қырағылығыңыз балалардың денсаулығы мен өміріне қорғаныш боларын естен шығармаңыз!