ДДСҰ Еуропалық аймағының 53 мемлекетіндегі БМСК үздік моделі болып табылатын Орталық — Еңбекшіқазақ КОАА базасындағы ДДСҰ Еуропалық бюросының БМСК Демонстрациялық платформасының тәжірибесімен танысу үшін Армения мемлекетінің делегациясы 2023 жылдың 12 және 16 маусымы аралығында ресми сапармен келді.
Армения денсаулық сақтау министрінің орынбасары Artak Jumayan, денсаулық сақтау саясаты департаментінің басшысы Knar Ghonyan, мемлекеттік денсаулық сақтау агенттігі басшысының орынбасары Garush Ayvazyan, электрондық денсаулық сақтау саласындағы операцияларды қолдау және есептілік бөлімінің жетекшісі Lusine Yengibaryan, Денсаулық сақтау министрлігінің iGorts зерттеушісі Roubina Karhily, пилоттық бағдарламасының директоры Lorky Libaridian және Арменя Республикасы денсаулық сақтау мекемелерінің басқа да басшылары үздік тәжірибемен танысты. Практикалық меминарлар мен тәжірибе алмасу шараларының ұйымдастырылуымен өткізілген Демонстрациялық платформа ресми сапары БМСК жөніндегі ДДСҰ Еуропалық Орталығымен ұйымдастырлды, яғни офис басшысы Melitta Jakab, аға кеңесші Antoni Dedeu, техникалық қызметкерлері Arnoldas Jurgutis және Айгүл Куттумуратова, ҚР ДСМ вице министрі Вячеслав Дудник, МӘМСҚ ҰАБ директорлар кеңесінің төрағасы, тәуелсіз директор Мақсұт Кульжанов, Алматы облысы Денсаулық сақтау департаментінің басшысы Ляззат Ақтаева, «Primary Health Care» Ұлттық ассоциациясы Басқармасының төрайымы Р.Абзалова, «Primary Health Care» Ұлттық ассоциациясының атқарушы директоры И.Стратулат, Қарағанды медициналық университеті Медицина мектебінің деканы Е.Полякова, ЕКОАА директоры Ж.Әбеуова және ЕКОАА менеджерлері мен қызметкерлері командасының қатысуымен өтті.
Ресми сапар жұмысы ДДСҰ кеңсесінде өткен дөңгелек үстелден басталып, Армения мен Қазақстан елдерінде бастапқы медико-санитарлық көмек көрсетуді дамытудың негізгі бағыттары талқыланды. Тәжірибе алмасуға бағытталған ресми сапардың басты мақсаты Қазақстанның БМСК буындағы үздік тәжірибелер бойынша табысты жетістіктер, бастапқы медициналық-санитарлық көмекке инвестициялау мәселелерін, денсаулық сақтау саласындағы әлеуметтік жұмыстың аспектілерін зерделеу болып табылатынын атап өту керек.