Армениядан келген делегациясы Еңбекшіқазақ КОАА базасындағы ДДСҰ Еуропалық бюросының БМСК көрсету Демонстрациялық платформасын енгізу тәжірибесін жоғары бағалады
Бүгін біздің клиниканың базасындағы ДДСҰ Еуропалық бюросының БМСК көрсету Демонстрациялық платформасының табысты жұмысымен Армения Республикасынан келген делегация танысты. Әлемдік деңгейдегі тәжірибемен танысу барысында Армения денсаулық сақтау министрінің орынбасары Artak Jumayan өз пікірімен бөлісті: «Енгізілген тәжірибенің бірегейлігі таң қалдырады. Біз үшін бүгін зерделеніп назарға алынған көптеген жаңалықтар бар, біздің сапарымыз жемісті болды деп ойлаймын. Мейірбикенің жұмысы таң қалдырды. Бүгін біз электрондық денсаулық сақтау саласындағы жетістіктерді, яғни цифрландыру көлемін көрдік. Біз одан 50-60% артта қалып отырмыз». Өз кезегінде Еңбекшіқазақ көпсалалы ОАА директоры Жәмила Әбеуова: «Бүгінгі таңда біз қол жеткізген ең маңызды нәтижелердің бірі — біздің дәрігерлер, медбикелер жүргізетін созылмалы науқастарды дер кезінде емдеп, стационарға жататын науқастар санының азайғаны» — екендігін атап өтті.
Еңбекшіқазақ КОАА базасындағы ДДСҰ Еуропалық бюросының БМСК көрсету Демонстрациялық платформасының үздік тәжірибемізбен Өзбекстан, Қырғызстан және Тәжікстан өкілдері мен еліміздің барлық өңірлеріндегі әріптестеріміз танысу үшін келгендігін атап өткіміз келеді.