Құрметті әріптестер, достар!
Бәрімізді Еңбекшіқазақ ауданы медицина қауымы атынан кәсіби мерекеміз — медицина қызметкерлері күнімен шын жүректен құттықтаймын. Бұл — өз еңбегіне адал, жан-тәнімен кәсібін сүйетін, адам жанының арашасысы — ақ халатты абзал жандардың мерекесі. Бізге жүктелген жауапкершілікті әрқашан адалдықпен атқарып, еліміздің денсаулық сақтау саласын дамытуға өз үлесімізді қосып келеміз. Баршамызға зор денсаулық, үлкен жетістіктер, қажырлы қайрат пен күш-қуат тілеймін. Кәсіби мерекеміз құтты болсын!
Құрметпен, Еңбекшіқазақ көп бейінді орталық аудандық ауруханасының директоры Жәмилә Әбеуова