Дәрігер мамандығы — ең маңызды және сауапты мамандықтардың бірі, соның арқасында күн сайын көптеген адамдардың өмірі сақталады. Емдеу өнері ерте заманда белгілі болып, адамзатпен бірге дамыды. Бүгінгі таңда дәрігерлер жоғары дәлдіктегі құрылғылардың, дәрі-дәрмектердің және білімнің көмегімен пациенттерге әртүрлі ауруларды емдеуде барынша тиімді көмек көрсетуге мүмкіндік алды. Біздің ұжым аудандағы әр ауырған науқасқа қол ұшын созып, жедел және жоспарлы түрде әр сәт сайын барынша медициналық көмек көрсетеді. Аурухана мен емхана саласындағы әріптестеріміз атқарған тынымсыз еңбек нәтижесінде жетістіктерге қол жеткізуге ұмтыламыз, заманауи біліктілік шыңын меңгеріп, тұрғындар денсаулығын жақсартуда қажырлы еңбек атқарылуда. Игілікті істің жемісін көру осындай өз ісінің нағыз майталмандарының арқасында жүзеге асырылады.
Сондықтан барша әріптестерімізді Еңбекшіқазақ ауданаралық көпсалалы ауруханасының ұжымы атынан Дәрігер күнімен құттықтаймын.
Құрметпен, Жәмилә Әбеуова