ШЖҚ "Еңбекшіқазақ көп бейінді орталық аудандық ауруханасы" КМК

Дүние жүзінде деменциямен ауыратын шамамен 55 миллион адам бар! Жыл сайын аурудың 10 миллионға жуық жаңа жағдайы тіркеледі.

Дүние жүзінде деменциямен ауыратын шамамен 55 миллион адам бар! Жыл сайын аурудың 10 миллионға жуық жаңа жағдайы тіркеледі. Деменциясы бар адамдардың жалпы саны 2030 жылы шамамен 78 миллион, ал 2050 жылы 139 миллион болады деп болжануда.
EКБОАА біздің тұрғындардың психикалық денсаулығын сақтау бойынша «Есте сақтау» жобасын жүзеге асырды!
50 жастан асқан тұрғындар скринингтік тексеруден өтеді
EКБОАА мәліметтері бойынша 40 019 адам бар, 2023 жылдың 7 айында 5 134 адам тексерілді, бұл скринингке жататындардың жалпы санының 12,8% құрайды.
Диспансерлік есепке 329 науқас түсті, бұл скринингтік зерттеуден өткендердің 6,4% құрайды.
Жағдайдың ауырлық дәрежесінің таралуы бойынша: жеңіл дәрежесі – 81%, орташа дәрежесі – 5,1%, ауыр дәрежесі – 6,7%.
Бүгін ЕКБОАА-де «Есте сақтау» бірегей жобасы жалғасуда!
Заманауи деректерді пайдалана отырып, біз жас ұлғайған сайын ауызша есте сақтау (сөздік) және практикалық интеллект (мәселелерді шешу қабілеті) жақсаруы керек екенін білеміз және бәріне жеткізгіміз келеді, ал есте сақтау қабілетінің жоғалуын мүмкіндігінше ертерек емдеу керек. Жадтың бұзылуын ерте анықтау және оларды учаскелік дәрігердің немесе невропатологтың уақтылы емдеуі психикалық асқынуларды болдырмауға мүмкіндік береді. Біз сізді тексеруге және барлық сұрақтарыңызға жауап беруге қуаныштымыз!