Тұмау – бұл барлық жастағы адамдарда: ересектерде, балаларда, қарттарда және жүкті әйелдерде кездесетін өткір ауру. Тұмау маусымында иммундық жүйені нығайту үшін жемістер мен жидектерді жеп, таңқурай джемі мен лимон қосылған шай ішу ұсынылады. Таза ауада көбірек серуендеп, жылы киініңіз. Мүмкіндігінше жүкті әйелдерге адамдар көп жиналатын жерлерге бару ұсынылмайды, өйткені болашақ аналар өздерінің денсаулығына ғана емес, нәрестенің денсаулығына да жауапты.*Ең тиімді шаралардың бірі,тұмауды алдын алу – вакцинация*.Тұмауға қарсы вакцина вирустық инфекциялардың маусымдық өсуіне дейін жылдың қыркүйек пен қараша айлары аралығында жасалуы керек. Еңбекшіқазақ көпсалалы орталық аудандық ауруханасында тұмауға қарсы екпе туралы ақпаратты отбасылық ұжымнан ала аласыз. Өзін-өзі емдеуге болмайды, дәрігермен кеңесіңіз! Дендеріңіз сау болсын!