Жаңа жылды жаңа жақсылық жаңалықпен ашқанымыз қуантады. Еңбекшіқазақ ауданы әкімінің орынбасары Е.С.Нұрмұханов және ЕАОКАА әкімшілігінің қатысуымен 2024 жылдың 5 қаңтарында Еңбекшіқазақ ауданаралық көпсалалы ауруханасында магниттік-резонанстық томографиясының (МРТ) кабинеті ашылды. Ауылдық денсаулық сақтау саласын жаңғырту Ұлттық жобасы аясында мақсатты түрде МРТ аппаратын алу жоспарланған болатын осы аппарат 1,5 өлшемінде 70 см. дейін 250 кг дейін салмақтағы пациенттерді тексеруге мүмкіндік береді. Мұндай МРТ классында тексеру жүргізу жеңілдік беретіні қазіргі заманда бәрімізге мәлім, себебі біздің пациенттеріміздің артық салмақпен тексеруден өткізу қиыншылық туғызатын, сондықтан бұл аппарат қазіргі заманғы талапқа сай келері сөзсіз.
Сонымен қатар, аппарат сапалы визуализациялы, контрасттық заттар арқылы жүргізіледі. Сондай-ақ, Еңбекшіқазақ ауданаралық көпсалалы ауруханасында жедел көмек көрсету бөлімшесіндегі қабылдау бөлімінде пациенттерге қажетті ескі рентгеноаппараттың орнына жаңа заманауи сандық рентгеноаппарат іске қосылды. Әйелдерде ерте мерзімде онкологиялық ауруларды анықтау үшін сандық маммограф іске қосылды. Жүрек және қан-тамырлары ауруымен ауыратын науқастар үшін Тредмил жүйесі сатып алынып, орнықтырылды, соның нәтижесінде адам жүрегінің дене шынықтыру жүктемесін анықтауға болады. Осы барлық енгізілген жаңа көмек ТКМКК және МӘМС аясында алуға болатын жаңалығымызбен бөліскіміз келеді