Балалар бөлімшесінің меңгерушісі
Жоғары санаттағы педиатр дәрігер
Анишина Людмила Васильевна
Балалар бөлімшесінің жайлары емдеу корпусының 2-қабатында орналасқан. Бөлімше 20 төсекке ашылған. Барлық палаталар екі-үш орындық барлық қолайлылықтары жасалған. Емшара кабинеті бар. Сондай-ақ шала туылған балаларға күтім жасау үшін арнайы палата жабдықталған. Балаларды бөлімшеде болатын уақыттарында дәрігер үнемі қадағалап отырады.
Балаларды психикалық-эмоционалдық тұрғыдан қолдау үшін арнайы ойын бөлмесі бар.
Пациенттерге уақытылы күтім жасалуын және жоғары білікті көмек көрсетілуін қамтамасыз етуге бөлімшенің орта білімді медициналық жұмыскерлермен 100% толықтырылғандығы мүмкіндік береді.
Бөлімшеде науқастарға 8 білікті мейірбике күтім жасайды. Олардың 7-еуі жоғары санаттағы және 1-еуі бірінші санаттағы мейірбикелер. Барлық медициналық жұмыскерлер бала жастағы ауруларды бірлесіп жүргізу бойынша оқытылған. Балалардың бөлімшеде болатын кезінде дәрігердің нұсқауымен ингаляция, массаж, физиологиялық емдеу шаралары жасалады.