ШЖҚ "Еңбекшіқазақ көп бейінді орталық аудандық ауруханасы" КМК

Емхана жанындағы күндізгі стационар

enkaz_admin

Күндізгі стационар-медициналық көмек көрсетудің заманауи түрі,ол ауруханаға жатқызылатын науқастарды амбулаторлық жағдайда диагностикалық емдік және жансақтау іс-шаралары болып табылады.

Күндізгі стационар шын мәнінде тәулік бойы медициналық бақылауды қажет етпейтін пациенттерге амбулаторлық және емханалық стационарлық медициналық көмек арасындағы аралық тізбек болып табылады. Күндізгі стационар, науқастарды күндізгі уақытта ауруханаға жатқызу арқылы үнемі дәрігердің бақылауын қажет етпейтін білікті медициналық көмек көрсету үшін ұйымдастырылады.

Күндізгі стационарды күндізгі стационар меңгерушісі басшылыққа алады.

Күндізгі стационардың негізгі міндеттері:

1. Дәрігердің тәулік бойғы қадағалау көрсеткіштері болмаған жағдайда науқастардың асқынған және созылмалы ауруларын емдеу және диагностикалау іс-шараларын өткізу;
2. Амбулаторлық -емханалық мекеме жағдайында науқастарға білікті медициналық көмек көрсету және көрсеткіштер болған жағдайда оларды ауруханаға жатқызуды қамтамасыз ету;
3. Толық емделмегенде, отадан кейінгі кезеңде және т.б ЕПҰ-нан шыққаннан кейінгі науқастарды өршіген аурудың басылу кезеңінде оларды қайта қалпына келтіру,емдеуді аяқтау;
4. Науқастарға медициналық көмек көрсету бойынша басқа амбулаторлық-емханалық мекемелердің емдеу бөлімшелерімен және емдеу мекемелерінің стационарлық бөлімшелерімен сабақтастықты қамтамасыз ету;
5. Диспансерлік есептегі науқастарға алдын алу және емдік сауықтыру іс-шараларын өткізу.