ШЖҚ "Еңбекшіқазақ көп бейінді орталық аудандық ауруханасы" КМК

Хирургия бөлімшесі

enkaz_admin

Хирургия бөлімшесінің меңгерушісі
жоғары санаттағы хирург дәрігер
Хачикян Андрей Минасович

Хирургия бөлімшесінде Сіз ұйқы безі ауруларына, өт іркілетін қалта мен өт жолдары ауруларына, асқазанның және ұлтабардың ойықжара ауруларына байланысты мамандандың жоғары кәсіби көмегін ала аласыз.
Бөлімше хирургтері емдеудің заманауи әдістерін тамаша меңгерген. Мұнда ішперде қуысы органдарына хирургиялық оталардың бірқатары жасалады. Мәселен, шап жарығына, жіті соқыршекке, өтқалтаның жіті әрі хирургиялық асқынуларына, ішектің жабыспалы түйнегіне байланысты жасалатын оталар.

Науқастарға уақытылы күтім жасалуын және жоғары білікті көмек көрсетілуін қамтамасыз етуге бөлімшенің орта білімді медициналық жұмыскерлермен 100% толықтырылғандығы мүмкіндік береді.
Бөлімшеде 35 мейірбике жұмыс істейді, олардан 6-еуі жоғары санатты, 2-еуі бірінші санатты және 2-еуі екінші санатты.
Бөлімшеде 15 палата бар, соның ішінде 2 ҚТП-палата.
Бөлімшеде келесідей төсектер бар:

Тәулік бойғы,  жалпы-хирургиялық, травматологиялық, урологиялық, балалар хирургиясы.