«Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 58-бабына сәйкес, ДСӘДМ 27.03.2015ж. №173 Бұйрығына сәйкес және ішкі №205-Н бұйрыққа сәйкес емделушілерді қолдау қызметі құрылды.
ПАЦИЕНТТЕРДІ ҚОЛДАУ ҚЫЗМЕТІНІҢ функциясына медициналық көмек көрсету сапасындағы бұзушылықтардың мән-жайын анықтау кіреді.
Осыған байланысты, егер Сіз:
— медициналық қызмет көрсету сапасына қанағаттанбасаңыз;
— емхананың медициналық қызметкерлері тарапынан дөрекілікке жолықсаңыз;
— тегін медициналық көмектің кепілдендірілген көлемі шеңберінде көрсетілетін медициналық қызметтер үшін медициналық қызметкерлер тарапынан бопсалап ақша алу жағдайына соқтығыссаңыз;
— сонымен қатар, Сізде медициналық көмек көрсету тәртібі мен сапасына қатысты басқа да сұрақтарыңыз туындаса, онда Сіз емхананың __ кабинетіндегі ПАЦИЕНТТЕРДІ ҚОЛДАУ ҚЫЗМЕТІНЕ жүгінуге құқылысыз.
Емхана кіреберісіндегі «Пациент бұрышы» үстеліндегі өтініштерді тіркеу журналына аты-жөніңіз бен байланыс деректеріңізді көрсете отырып, өз өтінішіңізді қалдыра аласыз, сонымен қатар өтінішіңізді біздің enkazmmb.kz сайтында да қалдыруыңызға болады.
ПАЦИЕНТТЕРДІ ҚОЛДАУ ҚЫЗМЕТІ Сіздің өтінішіңізді қарап, өтінішті қарау нәтижесі бойынша Сізге ақпарат береді.
Сіз ПАЦИЕНТТЕРДІ ҚОЛДАУ ҚЫЗМЕТІНЕ төмендегі телефон нөмірлері бойынша хабарласа аласыз:
+7 (72775) 7-32-56